"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

«Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі»

«Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі»

2024 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері күнінің онкүндігі аясында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға колледж әкімшілігі қатысты.

Модераторлар алғы сөзінде тілдің ұлт өміріндегі маңызын, оның ұлт тұтастығы пен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдениетті сақтаудағы рөліне тоқталды.

Колледж директоры А.М.Мукашев мемлекеттік тілдің ұлт бірлігінің іргетасы ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруінің өзекті мәселесін көтерді.

Өз баяндамаларында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бектұрғанова Ә.А. және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бурик Н.А. әрбір азаматтың мемлекеттік тілді білу қажеттілігін негіздеді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді белсенді түрде талқылап, ортақ пікірге келді: қазақ тілін үйрену – патриотизмнің көрінісі, Қазақстанның болашағына инвестиция, еліміздің гүлденуіне қосқан үлес.

DSC 0190DSC 0209DSC 0230DSC 0319

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!