"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

Колледждің жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуі

"Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің" ШЖҚ КМК мен Солтүстік Қазақстан облысының практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының өзара ынтымақтастығы

999-min.jpg

Орта буын медицина қызметкерлерін сапалы даярлау білім беру мекемесінің практикалық денсаулық сақтау жүйесімен интеграциялануынсыз мүмкін емес. Сондықтан да медициналық білім беруді дамытудың маңызды бағыттарының бірі – әлеуметтік серіктестер, яғни денсаулық сақтау ұйымдары мен медициналық колледж арасындағы ынтымақтастықтың формалары мен әдістерін жетілдіру болып табылады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен клиникалық базалар тізімі бекітілген. Бүгінгі таңда мамандарды кәсіби даярлау бойынша 35 клиникалық базамен ынтымақтастық жөнінде келісім-шарттар жасалған.

Колледждің негізгі әлеуметтік серіктестерінің бірі – Көпбейінді облыстық аурухана,

обл_бол.jpg

Онкологиялық орталық

онко.jpg

Кардиологиялық орталық

кардио.jpg

Перинаталдық орталық

перинат.jpg

           Колледждің медициналық ұйымдармен әлеуметтік серіктестігі орта буын медицина қызметкерлерін даярлауды болжауға, сондай-ақ колледж бен денсаулық сақтау ұйымдары – мамандардың негізгі тапсырыс берушілері арасындағы өзара қатынастарды жетілдіруге ықпал етеді.

Колледждің медициналық ұйымдармен әлеуметтік серіктестігі орта буын медицина қызметкерлерін даярлауды болжауға, сондай-ақ колледж бен денсаулық сақтау ұйымдары – мамандардың негізгі тапсырыс берушілері арасындағы өзара қатынастарды жетілдіруге ықпал етеді.

Медициналық ұйымдармен ынтымақтастық колледжге:

  • тәжірибеге бағытталған оқытуды ұйымдастыруға,

  • білім алушылармен жұмыс істеу үшін практикалық денсаулық сақтау саласынан білікті мамандарды тартуға,

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге

мүмкіндік береді.

Колледжбен ынтымақтастық арқылы медициналық ұйым:

  • жұмыс беруші қажеттіліктеріне сай мамандарды алуға,

  • қызметкерлердің үздіксіз білім алуына жағдай жасауға,

  • конференциялар, семинарлар, кәсіби байқаулар, волонтерлік жұмыстар ұйымдастыруға

мүмкіндік алады.

Практикалық базалармен тығыз ынтымақтастық мамандарды даярлау сапасын медициналық сала талаптарына барынша жақындатып, заманауи жағдайларда жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

Колледждің практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен әлеуметтік серіктестігі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Тәжірибелі дәрігерлер мен мейіргерлерді оқу процесіне тарту;

  • Мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселелері бойынша конференциялар өткізу;

  • Клиникалық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен ұсыныстар әзірлеу;

  • Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және санитарлық ағарту бойынша бірлескен жұмыс жүргізу;

  • Мейіргерлік үдерісті тәжірибеге енгізу;

  • Білікті мамандарды даярлауды болжау;

  • Солтүстік Қазақстан облысының мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша бірлескен жұмыс жүргізу.

Көпбейінді облыстық аурухана мен Жұмағали Төлеулин атындағы СҚЖМК басшылығы арасында өзара түсіністік пен үйлесімділік бар. Біз "ШЖҚ КМК Көпбейінді облыстық аурухананың" жетекші мамандарымен бірлесіп жұмыс жасаймыз, атап айтқанда: хирургтер – Ишин С.С., Закирин А.А., Әліпбаев Б.Б., Абдурахманов С.М., Жексенова М.Р., акушер-гинекологтар – Калюжная Е.С., Дятлова С.Ю., Клебан Н.В. және басқалар. Олар клиникалық пәндер бойынша қосымша оқытушылар ретінде дәріс оқиды.

Практикалық оқыту мәселелері жыл сайын әдістемелік кеңесте қаралып, оны жетілдіру жолдары айқындалады. Ауруханалардың тәжірибелі мамандарының 30%-дан астамы клиникалық пәндер бойынша қосымша оқытушылар ретінде жұмыс істейді.

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасынан жоғары санатты жетекші хирургтер: Жагипаров А.Т., Клыков А.В., оториноларинголог Булекбаев А.Б., педиатрлар – Долгополова В.Б., Анафина С.М., Абдуллина Е.А., Байкабекова Ш.К., инфекционист дәрігерлер – Коптяева Е.В., Суслова Н.Л. және басқалар тәжірибелік сабақтар өткізеді.

доб.jpg

         Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі облыстық медициналық ұйымдармен қатар қалалық емханалармен де ынтымақтастық орнатқан, олардың бірі – №3 қалалық емхана.

3пол.jpg

Емханада өтетін тәжірибелік сабақтар түлектердің учаскелік жұмысқа деген қызығушылығын арттырады және емделушілерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, профилактикалық шаралар ұйымдастыру, диспансерлік бақылау жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жеңілдетеді.

Реабилитация бөлімінің меңгерушісі Ташимова А.Б., емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Тасбулатов Е.Г., акушерлік бөлім меңгерушісі Джаканов Н.М. және басқа да мамандар студенттермен практикалық сабақтар өткізеді. Олардың берген білімдері мен тәжірибелік дағдылары емханалық қызмет сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Оқу процесінің мұндай ұйымдастырылуы оң нәтиже беріп отыр, практикалық базалар мен білім алушылар арасында жақсы микроклимат қалыптасуда. Студенттер барлық бөлімшелер мен мейіргерлік манипуляцияларға еркін қатыса алады, тәжірибе барысында өздерін сенімді сезінеді және кең көлемде әрекет етуге мүмкіндіктері бар.

Колледж бен практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық орта буын медицина қызметкерлерін сапалы даярлауға ықпал етеді.

Оқу-әдістемелік кешендер мен ұсыныстар әзірлеу жұмысына қосымша оқытушылар белсене қатысады, олар түрлі аурулар мен шұғыл жағдайларда шұғыл терапия, емдеу, күтім жасау және алдын алу мәселелерін нақтылап, практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сай тақырыптар енгізуге ұсыныстар береді.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!