"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

Материалдық-техникалық база

Мамандықтар бойынша кабинеттер мен зертханалардың жабдықталуы:

Жалпы білім беру, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша барлық мамандықтарға арналған 11 кабинет жұмыс істейді.

Жалпыкәсіптік және арнайы пәндер бойынша 24 кабинет, 4 зертхана (барлық мамандықтар бойынша) және симуляциялық орталық қызмет атқарады.

«Қазақстан тарихы» және «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» кабинеттерінде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің бұрыштары, ҚР-дағы негізгі құқықтық ережелер туралы стендтер, оқу-әдістемелік материалдар мен оқу карталары, Қазақстанның көрнекті қайраткерлері мен ғалымдарының портреттері орналасқан.

1prof.jpg

Қалыпты және патологиялық анатомия кабинетінде ересек адамның қаңқалары, сүйек жиынтықтары, сүйек-бұлшықет, жүрек-қан тамыр, несеп-жыныс және тыныс алу жүйелерін оқуға арналған муляждар, атластар, альбомдар, ішкі ағзалардың қалыпты және патологиялық макро- және микропрепараттары, микроскоптар мен негатоскоптар бар.

«Патологиялық анатомия» 3D бағдарламасы, «Боткин» 3D ішкі аурулар бойынша бағдарламалық-аппараттық кешені орнатылып, жұмыс істеп тұр.

«Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтарына арналған оқу кабинеттерінің жабдықталуы мен безендірілуі медициналық ұйымдардың жағдайына барынша жақындатылған.

3prof.jpg 2prof

4prof.jpg

Мейіргерлік технологиялар кабинетінде қабылдау бөлімі, кезекші мейіргердің посты, процедуралық кабинет және жеке пост жабдықталған. Кабинет мейіргерлік үдеріс талаптарына сәйкес безендірілген.

Хирургиялық аурулар кабинетінде және доклиникалық практика кабинеттерінде хирургиялық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелері имитацияланған: операциялық, таңу бөлмесі, анестезиолог пен реаниматологтың бұрышы, жарақат пункті. Кабинет толық хирургиялық құралдар жиынтығымен, операцияға арналған материалдар мен халаттар жиыны бар бикстермен, тігіс материалдарымен, жара жиынтығымен, интубацияға арналған анестезиолог жиынтығымен, шиналармен, зембілдермен, «Максим» атты реанимациялық шараларға арналған тренажермен, сүт бездерін тексеруге арналған жиынтықпен, студенттер мен оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік материалдармен жабдықталған.

5prof.jpg

Балалар аурулары және доклиникалық практика кабинеттерінде егу бөлмесі мен сау бала бөлмесі жасақталған. Педиатрия тақырыбы бойынша, егу ісі бойынша оқу-әдістемелік материалдар, таразы, бой өлшегіш, жаңа туған нәрестенің гигиенасына арналған жиынтық, өңдеу және жаялыққа орау үшін қуыршақтар, жаңа туған нәрестенің қолының үлгісі бар.

Акушерлік және гинекология кабинеті доклиникалық практика кабинеттерімен бірге заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған: ұрық дамуының 8 моделі, заманауи «Саша» электрондық таразылары, кушеткалар, бой өлшегіштер, гинекологиялық кресло, эпизиотомия жасауға арналған хирургиялық тренажер, гинекологиялық және акушерлік фантомдар, әйел жыныс ағзаларының муляждары, қынап арқылы тексеруге арналған үлгілер, гинекологиялық және акушерлік құралдар жиынтығы бар медициналық шкафтар, оқу плакаттары, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік материалдар, акушерлік қызметке қатысты нормативтік құжаттар.

Ішкі аурулар кабинеті және доклиникалық практика кабинеттері терапиялық стационарлардың жұмысын реттейтін қажетті оқу-әдістемелік материалдармен жабдықталған. Жансақтау палатасы жасақталған. Кабинеттер кушеткалармен, пальпацияға арналған тренажерлермен, глюкометрлермен, пульсометрлермен, пикфлоуметрлермен, ингаляторлармен, тонометрлермен, фонендоскоптармен, небулайзерлермен, анатомиялық модельдермен, тренажерлермен, манекендермен, фантомдармен, электрокардиографпен, Бобров аппаратымен қамтылған. Ауырған адамдарды күтуге арналған заттар, дәрілік және дезинфекциялық құралдар бар.

  6prof.jpg  7prof.jpg        8prof.jpg

 «Стоматология» және «Стоматология ортопедиялық» мамандықтары бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін стоматология кабинеті, тіс техникалық және тіс дәрігерлік пәндерінің зертханалары жабдықталған. Тіс техникалық пәндер зертханасында паяльды аппарат, Самсон аппараты, шлифмотормен, пресс, вибростол, электр шпателдері бар. Тіс дәрігерлік пәндер зертханасында стоматологиялық креслолар, бактерицидті сөре, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар, қан тамырлары мен нервтері бар ересек адамның бас сүйегінің моделі, оқу жабдықтарының жиынтығы (стоматологиялық симулятор – фантом) бар.

«Фармация» мамандығының зертханалары мен кабинеттерінде бейорганикалық, органикалық, аналитикалық және фармацевтикалық химия бойынша сабақтарды өткізуге қажетті зертханалық жабдықтар мен химиялық реактивтер бар.

«Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша «Микробиология және микробиологиялық зерттеу техникасы» және «Гигиена және санитарлық-гигиеналық зерттеу техникасы» пәндері бойынша студенттер клиникалық базаларда оқиды. «Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері» зертханасы органикалық және аналитикалық химиямен біріктірілген.

Студенттер практикалық дағдыларды төмендегі симуляциялық жабдықтарда дамытады:

  • базалық жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР) дағдыларын өңдеуге арналған Брюс манекені (ТОРС) планшетпен;

  • веналық инъекциялар мен пункциялар, бұлшық ет ішіне инъекцияларға арналған қол тренажері ИНМЭН-3;

  • «Просто роды» босану симуляторы;

  • кеңейтілген күтім дағдыларын үйренуге арналған екі айлық нәресте симуляциялық манекені;

  • автоматты сыртқы дефибриллятор симуляторы;

  • нәтижелерін тіркеп, басып шығаруға мүмкіндік беретін ЖӨР дағдыларын үйретуге арналған ВОЛОДЯ манекені-тренажері;

  • жамбасқа бұлшық ет ішіне инъекция жасау дағдыларын өңдеуге арналған ИНМЭН-1 тренажері;

  • ПРАКТИ-МЭН (Плюс) – бақылаушысы бар ЖӨР дағдыларын өңдеу манекені (ТОРС);

  • жүрек пен өкпе аускультациясына арналған ФОМА манекені;

  • мейірбике дағдыларын үйренуге арналған Аня II симулятор-манекені;

  • ЖӨР дағдыларын өңдеуге арналған ТОРС манекені;

  • аускультация дағдыларын үйретуге арналған Фомочка нәресте симулятор-манекені;

  • нәтижелерін тіркеу және басып шығаруға мүмкіндік беретін ЖӨР дағдыларын үйретуге арналған ВОЛОДЯ манекені-тренажері;

  • зертханалық-диагностикалық кешен және тағы басқа.

Кәсіби құзыреттіліктерді дамыту үшін колледжде доклиникалық практика кабинеттері жабдықталған, олардың негізгі қызметі кәсіби іс-әрекетті қалыптастыруға, практикалық дағдылар мен машықтарды меңгеруге бағытталған.

Кабинеттерде тиісті құжаттар бар: кабинет паспорты, кабинет жұмыс жоспары, үйірме жұмыс жоспары, жабдықтау тізімі, кабинет сабақ кестесі, қауіпсіздік техникасы журналы, өткізіп алған сабақтарды өтудің кестесі, қолданыстағы бұйрықтар, жұмыс бағдарламалары және күнтізбелік-тематикалық жоспарлар.

  9prof.jpg  10prof.jpg

Қазіргі уақытта сапалы кәсіби білім алу заманауи ақпараттық оқу технологияларын енгізусіз мүмкін емес. Осыған байланысты медициналық колледж базасында ақпараттық-техникалық орталық құрылған, ол жоғары білікті оқытушылар құрамы мен әкімшілікпен бірлесіп, Қазақстан мен халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті мамандарды үздіксіз даярлау және шығару процесін қамтамасыз етеді.

11prof.jpg  12prof.jpg

13prof.jpg  14prof.jpg

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!