"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

Ашық есік күні

Ашық есік күні

2024 жылдың 6 қыркүйегінде Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде кешкі бөлімде оқығысы келетіндер үшін Ашық есік күні өтті.

Залда медицина ұйымдарының кіші персоналы қатысты. Колледж директоры Мукашев А.М. барлық қатысушыларды құттықтап, кешкі оқу түрі жұмыс пен кәсіптік оқытуды біріктіруге мүмкіндік беретініне назар аударды.
Шақырылғандардың арасында кешкі бөлімде оқыған колледждің бұрынғы түлектері – СҚО ІІД емханасы бар госпитальдің мейірбикесі Ногаева Ж.К., "Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры" мамандығының қазіргі студенті - Жансеитова Р., кешкі бөлімнің екінші курс студенті – Зель Елена болды. "Мейірбике ісі" мамандығының кешкі бөлімінің бұрынғы түлегі, ал қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан университеті медицина факультетінің дәрігер-интерн Азамат Тілеубаев өзінің бейнеүндеуін жолдады.

Кешкі бөлімде оқу мерзімі 3 жыл 6 ай. Түлек техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом алады.

Ақ халатты абзал жанның әрдайым беделі жоғары, құрметке лайық. Біздің ең қымбат байлығымыз өміріміз медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне, мейірімділігіне байланысты болады!

DSC 0349DSC 0357DSC 0366DSC 0378

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!