"Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖК КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60

Құжаттар тізбесі

Қабылдау комиссиясының жұмысы 2024 жылғы 20 маусымнан 25 тамызға дейін.

Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Сенбі, жексенбі – демалыс

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 20.06.2024 жылдан бастап 25.08.2024 жылға дейін

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  2. Бағалар қосымшасы бар білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. 5 дана көлеміндегі 3х4 см фотосуреттер;
  4. І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысанындағы медициналық анықтама 031-У нысаны бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы, «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  5. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке немесе заңды өкілдері ұсынады.

Құжаттарды электронды түрде беру үшін барлық құжаттар түпнұсқада, ксерокөшірмелерде және PDF форматындағы электрондық нұсқада флэш-дискіде ұсынылуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

  1. Шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  2. Азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  3. Босқын – босқын куәлігі;
  4. Пана іздеген адам – пана іздеген адамның куәлігі;
  5. Кандас – кандас куәлігі.

Орта буын мамандары мен қолданбалы бакалаврды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі. (Емтихандар қарастырылмаған). Талапкерлерді қабылдау ережелеріндегі барлық өзгерістер колледж сайтында алдын ала орналастырылады.

Бағалаудың жиынтық балы қалыптастырылады:

- негізгі орта білімі бар түсушілер үшін (9-сынып) - үш пән бойынша бағалардан: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән (биология, химия)

- жалпы орта білімі бар (11-сынып) оқуға түсушілер үшін - төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (биология, химия)

- мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін - төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (биология, химия)

- мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар үшін – білім туралы құжаттың орташа балы (диплом).

Түсушілер бағаларының жиынтық балы бірінші кезектегі тәртіппен тең болған кезде білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген тұлғалар санаты, сондай-ақ шығармашылық және арнайы конкурстардың нәтижелері ескеріледі.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!