"Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖК КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60

Орта медицина және фармацевт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімшесі

opk01

Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлімшесі өз жұмысын 1998 жылдан бастап жүргізеді, «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің» құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол қосымша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді және орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін тұрақты арттыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі өңірдегі жалғыз ТжКБ медициналық білім беру ұйымы болып табылады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚЗ ДСМ 303/2020 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын қағидаларға сәйкес келеді.

Негізгі мақсаттар:

  1. Практикалық денсаулық сақтаудың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне жауап беретін денсаулық сақтау саласының орта буын мамандарының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету (біліктілікті арттыру және қайта даярлау).
  2. Орта буын практикалық денсаулық сақтау мамандарын оқыту бойынша оқу-педагогикалық, оқу-әдістемелік процестердің ұйымдастырылу деңгейі мен тиімділігін үнемі жетілдіру.
  3. Кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды, оқу процесін ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін енгізу.

Тапсырмалар:

  1. Қосымша жоғары оқу орнынан кейінгі үздіксіз медициналық білім берудің және орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты арттырудың көп деңгейлі жүйесін ұйымдастыру және практикалық денсаулық сақтаудың әлеуметтік-экономикалық талаптарына және тыңдаушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес жаңа біліктіліктер алу және барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын жоспарлау;
  2. Оқу-педагогикалық процестің тиімділігін арттыру;
  3. Оқытудың мазмұны мен сапасы туралы білім алушылардың пікірлерін зерделеу;

Нормативно-правовые акты, регламентирующие работу отделения:

Порядок реализации услуг регламентируется следующими основными нормативными правовыми актами:

  1. Пункт 6 статьи 221 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года «О здоровье народа и системе здравоохранения».
  2. Приказ Министра здравоохранения РК № ҚР ДСМ-303/2020 от 21 декабря 2020 года «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и неформальное образование».
  3. Приказ Министра здравоохранения РК № ҚР ДСМ-218/2020 от 30 ноября 2020 года «Об утверждении перечня специальностей и специализаций, подлежащих сертификации специалистов в области здравоохранения».
  4. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-249/2020 «Об утверждении правил оценки знаний и навыков обучающихся, оценки профессиональной подготовленности выпускников образовательных программ в области здравоохранения и специалистов в области здравоохранения».
  5. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-305/2020 «Об утверждении номенклатуры специальностей и специализаций в области здравоохранения, номенклатуры и квалификационных характеристик должностей работников здравоохранения».
  6. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-269/2020 «Об утверждении Правил оказания первой помощи лицами без медицинского образования, в том числе прошедшими соответствующую подготовку и Стандарта оказания первой помощи».
  7. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 февраля 2021 года №105 «Об утверждении Правил обучения навыкам оказания скорой медицинской помощи в соответствии с международными стандартами».

Біліктілікті арттыру бөлімшесінде колледждің негізгі мамандықтары бойынша орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін дипломнан кейінгі оқыту жүргізіледі:

2

2

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқу процесін ұйымдастыру

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 

opk07

Бөлімшенің толыққанды жұмысы үшін оқыту инновациялық тәжірибеге бағдарланған технологияларды пайдалана отырып, оқу курсын толық бейнефиксациясымен, практикалық дағдыларды (көрнекі құралдар, муляждар, манекендер, тренажерлер) пысықтауға арналған симуляциялық жабдықтарды қолдана отырып жүргізіледі.

opk08

Қосымша білім беру бағдарламалары

Салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламалары;

Ұзақтығы:

2 кредиттен (60 сағат)
10 кредитке дейін (300 сағат)

Негізгі мамандық бағыты бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған сертификаттау курсы

Ұзақтығы:

15-тен (450 сағат)
60 кредитке дейін (1800 сағат)

1 кредит = 30 академиялық сағат

1 академиялық сағат = 50 минут

Біліктілікті арттыру бөлімшесі

Қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастауыш (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базалық, оқу уақытында ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін қорытынды бақылау жүргізіледі.

Бағдарламаларды меңгерген тыңдаушыларға қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті балдан жоғары) :

біліктілікті арттыру сертификаттау курстарының бекітілген нысаны бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі

бекітілген нысан бойынша маман игерген білімі мен дағдылары туралы сертификат беріледі.

Телефон арқылы анықтама: 8 707 654 52 92

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!