Мұражай қызметкерлері студенттер үшін "Абылай хан - Тәуелсіздіктің ту ұстаушысы" тақырыбында мұражай сабағын өткізді. Мұражай тарихы бөлімінің бастығы Жүнісов Б.Н. оқушыларға XVIII ғасырда, 1917 және 1991 жылдары Қазақстанның шекаралары қалай анықталғанын айтып берді. Экскурсоводтар студенттерді мұражай залдарымен таныстырып өтті. Білім алушылар Абылай ханның шежіресімен танысты, оның жеке заттарын көрді, Абылайдың қатысуымен болған шайқастар мен сол кездегі қазақ батырларының қарулануы туралы білді. Мұндай сабақтар жастардың ой-өрісін едәуір кеңейтеді, оларда өз халқының өткені үшін мақтаныш, туған жерге деген сүйіспеншілік тәрбиелейді.
Жаңалықтар
Жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі шеңберінде бірінші курстың 6 тобы (М21-01, М23-03, М23-12, М23-04, Ф23-02, Ф23-03) қоғамдық-экономикалық пәндер оқытушысы Т.В. Вольхинамен Абылай ханның мұражай-резиденциясына барды
Қаралды: 467