Ж.Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледжінің студенттері алғашқы кәсіби бағдар беру форумы ENBEKSTAR-ға белсенді қатысты!
Форум жаңа технологиялармен, заманауи мамандықтармен танысуға және әртүрлі саладағы мансаптық даму мүмкіндіктерін зерделеуге тамаша алаң болды. Біздің студенттер құнды тәжірибе жинап қана қоймай, шеберлік сағаттарына, интерактивтерге қатысып, денсаулық сақтау және оған жақын бағыттардағы жұмыспен қамтылу перспективаларын талқылады.
Мұндай іс-шаралар жастарды жігерлендіріп, көзқарастарын кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы таңдауға жол ашады. 💡
Ұйымдастырушыларға мазмұнды да пайдалы күн үшін алғыс білдіреміз!