"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны»

КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский высший медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”Біздің М20-01 топ та театр шашуынан құр қалмай С.Мұқанов атындағы Облыстық қазақ сазды-драма театрының «Толық адам» қойылымын тамашалап қайтты. Індет кезіндегі карантиннен кейінгі алғаш рет тобымыздың бас қосып жиналуына осы театр себеп болды.

Көктемнің жайқалған жайма шуақ күні... Студенттер мәре-сәре болып, бір аралас-құралас боп, өз көздерімен өнер тамашалап, қойылымнан рухани ләззат алып шықты. Кейінгі кезде Абайдың «толық адам» іліміне ерекше көңіл бөліне бастады. Абай ілімі бойынша, әуелі «жарым адамнан» «адам» сатысына көтеріліп, сонан кейін ғана «Толық адам» сатысына жетуге болады. Бұл саты – көпшілік қауым көтеріле алмайтын, тек қана ұмтылатын меже, рухани жаңғырудың нысанасы ғана. Ерекше қасиеті бар адамдар ғана көтерілетін өте жоғары деңгей.

Осындай терең пәлсапалық ойылы ілімді театр қойылымына шығару да режиссерлік қайратты, актерлік шеберлікті талап етеді. Спектакль қазақ тілінде қойылса да, өзге тілділер аударма арқылы түсініп отырды. Театрға кірерде, театр ішінде де барлық санитарлық қағидаттар қадағаланып, сақтық шаралары орындалды.

Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты да осы шығар: адамды өзгерту жəне əлемді тану... Осы жолғы көрермендер, оқушылардың да,  жан дүниесінде титтей болса да өзгеріс, толқу болғаны байқалды.

Топ жетекшісі Бектұрғанова Ә.А.

КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский высший медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский высший медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!