Медициналық іс – күн сайын бір жаңа
нәрсеге үйренуге болатын сала.
Флоренс Найтингейл
Мамандықты таңдау — адам жас кезінен таңдайтын басты өмірлік басымдықтың бірі. Өз кәсіби қызметін медицинамен байланыстырғысы келетін мектеп түлектері Солтүстік Қазақстан медицина колледжіне экскурсиямен барды.
Балалар колледж тарихымен, оның дәстүрлерімен және кәсіби қызметімен танысты. Мектеп оқушыларымен колледждегі оқу, кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы әңгімелесу болды , оқу кабинеттеріне экскурсия жүргізілді. Кездесу барысында бейнеролик көрсетіліп, колледж мамандықтары және біліктіліктерімен таныстырылды, буклеттер таратылды.
Колледж оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен Аққайың, Тайынша, Ақжар және облыстың басқа да аудандарына барды. Оқушылармен жұмыс барысында жеке тұлғаның жас ерекшеліктері, мамандық таңдаудағы қызығушылықтары мен бейімділіктері ескертілді.