2019 жылдың 5 сәуірінде «Қорған базалық медициналық колледжі» МБКБМ базасында «Дені сау ұрпақ – ел байлығы» атты студенттік және педагогикалық бастамалардың VI Халықаралық форумы өтті.
Форумға Қорған облысының және Орал федерал округінің басқа да өңірлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 27 білім беру ұйымының студенттері мен педагогтары қатысты.
Біздің колледжімізден "Стоматология" мамандығы Д16-01 тобының студенті Татьяна Бурдыга "Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі студенттерінің стоматологиялық денсаулығын зерттеу" атты оқу-зерттеу жұмысымен таныстырды. Жетекші: Құрмашева С.Қ., стоматологиялық пәндер оқытушысы. «Медициналық қызметкер - өмірлік таңдау» номинациясы бойынша студент сөз сөйледі.
Бурдыга Татьяна І орын алғаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жұмыс жетекшісі Құрмашева Светлана Қанатқызы «Қорған базалық медициналық колледжі» МБКБМ директорының алғыс хатымен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!