Баланың бақыты неде?
19.12.2022 колледжде Қазақстандағы балалар жылына арналған іс-шара өтті. Ол отбасында адамгершілік негіздері мен өзара түсіністікті дамыту мақсатында жүргізілді. Шара «квилт» сауалнама әдісін қолдана отырып "Пайдалы кинотеатр" формасында өткізілді. "Мінезі бар сыйлық" көркем фильмін көргеннен кейін студенттер " Баланың бақыты неде?» деген сұраққа жауап беруге тиіс болды. Балалар бақыты ретінде студенттер отбасын, ата-аналарын, достарын, бірге серуендеуді, пикниктерді және балық аулауды атап өтті. Ф22-03, Ф21-06 топтарының білім алушылары өз жауаптарын стикерлерге жазып, плакатқа тіркеді.