2022 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі Қорған базалық медициналық колледжі ұйымдастырған «Здоровое поколение – богатство страны» студенттік және Педагогикалық бастамалар форумына нәтижелі қатысты.
Форум аясында «Дышать – значит жить» интерактивті кәсіби шеберлік байқауы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің студент Афанасьева Виолетта II дәрежелі Диплом алды. Табысты финалға оны мейірбике ісінің оқытушылары Темірбекова Д.Ж. және Кулиш И.Ю. дайындады.
«Ғылыми – зерттеу жұмыстарының байқауы» форумының секциясында студенттер Саутова Дильназ және Щипнова Ксения «Пациенттерді өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру – АББ тиімді жүзеге асырудың және жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіптілігін басқарудың негізі» атты жұмысын ұсынды, сол үшін олар II дәрежелі дипломмен марапатталды. Юлия Савичева «Денсаулықтың рухани компоненттері» номинациясында «Білім беру саяхаты» жұмысы үшін дипломмен марапатталды.
Сертификатты «Пациентке бағдарланған тәсіл негізінде халыққа алғашқы медициналық–санитарлық көмек көрсету ұйымы» жұмысын ұсынған Квасникова Анжелика алды.
Осы бағыттағы онлайн – конкурсқа қатысушыларды дайындаумен оқытушылар Терре Е.Г., Байманова Г.С., Мукашева Г.Д. айналысты.
Студенттер мен оқытушыларды құттықтаймыз!