2024 жылдың 15 наурызында «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК-ның тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған «Тың игеру қалыптасу және даму мектебі ретінде» тақырыбында республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияға Ф22-01к тобының студенті Жаслан Нұргүл (жетекшісі Кеженева С. А., қоғамдық пәндер оқытушысы) «Тың игерудің кейбір аспектілері» тақырыбында және Нагиева Эльвира, Ф23-03 тобының студенті (жетекшісі Волхина Т. В., қоғамдық пәндер оқытушысы) «Солтүстік Қазақстан облысында тың игерудің себептері мен салдары» тақырыбында өз зерттеулерін ұсынды.
Қыздар өздерінің алғашқы конференциясында өз колледжін абыроймен таныстырып, 1 орынды - Жаслан Нұргүл және 2 орынды - Нагиева Эльвира иеленді.
БІЛІМ ЖОЛЫНДА САПАРЛАРЫ СӘТТІ БОЛСЫН!