2020 жылдың 29 сәуірінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыруымен «Медицина колледждерінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру» атты республикалық семинар өтті. Құттықтау сөз директор Ж.Н.Сарыбековаға берілді.
Семинарға 80-нен астам қатысушы қатысты. Қашықтықтан білім беру технологияларын тиімді енгізу және қашықтықтан оқыту жағдайында электрондық білім беру ресурстарын пайдалануда өз тәжірибесін Жамбыл жоғары медицина колледжі, Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі, "Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі", Алматы қаласының "Интердент" ВМК ЖШС, Талдықорған жоғары медицина колледжі, «Баишев» жоғары медицина колледжі, Ақтөбе қаласының Батыс Қазақстан Жоғары медицина колледжі, Өскемен қаласының жоғары медицина колледжі, Түркістан жоғары медициналық колледжі ұсынды.
Семинарға колледж директоры Дүйсембаев Ә. Қ., директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Шігөрбаева А. И. қатысты. «Қашықтықтан оқыту кезінде білім беру қызметін жүзеге асыру шарттары» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Г. Терре Е. Г., әдістемелік кабинет меңгерушісі Бадагазина Н. Н. баяндама жасады. Олар МДҰ нәтижелілігі оқытушы мен студенттің тиімді өзара іс-қимылы, қолданылатын педагогикалық технологиялар, әзірленген әдістемелік материалдар мен оларды жеткізу тәсілдері, кері байланыс сияқты құрауыштарға негізделгенін атап өтті.
Жалпы, қашықтықтан оқытудың педагогикалық, мазмұнды және тәрбиелік ұйымдастырылуы ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына бағытталған.