2019 жылдың 25 сәуірінде Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Территория новых идей» TED-конференция өтті. Оған техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының III-IV курс студенттері қатысты.
«Территория новых идей» TED-конференцияның мақсаты: замануи жаңғыртылған өзара әрекеттестік нысандары негізінде кәсіби ынтымақтастық және студенттер қоғамдастығының бірлестігі үшін локация жасау.
Міндеттері:
- студенттер қызығушылығын кәсіби білімге ынталандыру;
- студенттердің зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту;
- қазақстандық патриотизм мен азаматшылдықты тәрбиелеу.
TED-конференция жұмысының бағыттары адам өмірінің барлық салаларын қамтиды:
* Ғылым және білім
* Медицина
* Экономика
* Өнер
* Мәдениет
* IT-технологиялар
* Дизайн
«Емдеу ісі» мамандығы Ф16-13 тобының студенті Регер Виктория «Медицина» бағыттарын таңдап, «Жастарда артериалды гипертензияны алдын алу» тақырыбына баяндама дайындады (Жетекшілер: Амангельдина А.Қ., арнайы пәндер оқытушысы, Быковская Т.В., арнайы пәндер оқытушысы, Чеснокова И.И., арнайы пәндер оқытушысы; Ұялы қосымша әзірлеушісі АТО инженері Стреляев И.И.
Комиссия шешімі бойынша студент Регер В. ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Басшылар алғыс хаттармен марапатталды.