2022 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні мен балалар жылын мерекелеу құрметіне орай Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде "Тоғыз құмалақ" ұлттық спорт түрінен жарыс өтті.
Жарысқа 1 және 2 курс студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны -18 адам. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ф21-02 тобының студенті Вячеслав Грысюк иеленді. Финалда Вячеславқа жеңіліп, Ф22-01 тобының студенті Нұрсұлтан Еспанов екінші орынға ие болды. Үшінші орын үшін таласта студенттер Ракыш Амина мен Боранбай Ұлжан кездесті. Тартысты әрі табанды ойында Ф22-01 тобының студенті Боранбай Ұлжан жеңіске жетті. Жарыс жүлдегерлері тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.