ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасы отырысының 2024 жылғы 22 қарашадағы шешімінің хаттамалық тапсырмаларын және "2025 жыл - МСАК мамандарының біліктілігін арттыру жылы" іс-шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру аясында Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің базасында 2025 жылғы 20 қазаннан бастап 2025 жылғы үшінші бағдарлама бойынша оқыту басталды: Пациенттерді дайындау және лабораториялық, аспаптық зерттеулердің бастапқы нәтижелерін интерпретациялау (эндоскопиялық процедуралар, ЭКГ, УДЗ)». Оқытуға облысымыздың 15 медицина ұйымының мамандары қатысады. Бұл оқыту медицина колледжі, сондай-ақ көп бейінді облыстық аурухана және көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы базаларында өтеді.
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысының МСАК орта медицина қызметкерлерін үш жылға дейін еңбек өтілімен оқыту.
Қаралды: 36








