Солтүстік Қазақстан облысы МСАК ұйымдарының орта медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттырудан өткені туралы құжаттар берудің мемлекеттік қызметін алуды түсіндіру бойынша семинар. 21.05.2025 жылы колледж әкімшілігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасы отырысының 2024 жылғы 22 қарашадағы шешімінің хаттамалық тапсырмаларын және «2025 жыл МСАК мамандарының біліктілігін арттыру» іс-шараларын іске асыру жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын іске асыру шеңберінде бірінші оқу бағдарламасын аяқтайтын 15 МСАК медицина ұйымдарының мамандарына семинар өткізді.
Кездесу барысында көрсетілетін қызметті алушыларды қызықтыратын мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алу жөніндегі Нұсқаулық көрсетілді.
СҚО бойынша мемлекеттік қызмет департаменті / Департамент АГС ПО СКО