Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда мұражайлардың рөлі өте маңызды, оларға бару өз өлкесінің, елінің тарихымен, мәдениетімен танысуға, зерттеуге тамаша мүмкіндік береді.
2023 жылдың 13 қыркүйегінде тарих пәнінің оқытушысы Вольхина Татьяна Владимировнаның жетекшілігімен Ф23-03 және М23-12 топтарының студенттері өлкетану мұражайына барды.
Туған өлкенің тарихи және қоғамдық дамуын зерттеу аясында білім алушылар «Тас ғасыры», «Қола ғасыры» экспозицияларымен танысты. Болашақ фельдшерлер мен мейіргерлер Ботай тұрғын үйінің панорамасы мен Ботай өмірінің ерекшеліктеріне назар аударды.
Соңғы жылдары біздің облыс аумағында археологиялық қазба материалдары ұсынылды. СҚО аудандарында тұратын студенттер өздерінің кіші Отанының аумағында бар археологиялық ескерткіштер туралы ақпарат алды.
Сондай-ақ, мұражай қызметкерлері М23-12 тобының студенттеріне президенттік Жастар кадрлық резервінің бағдарламасы туралы айтып берді. Бұл мемлекет Басшысының талантты жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болатын алғашқы қоғамдық бастамаларының бірі.
Мұражай экспозициясы негізінде өз өлкесінің тарихы мен мәдениетімен осындай көрнекі танысу тарих сабақтарын әр түрлі және есте қаларлық етуге көмектеседі.