"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының жұмыс сапары

Previous Next

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының жұмыс сапары

2025 жылғы 26 желтоқсанда жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Амрин С.О. «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК-де болып, болашақ орта буын медицина мамандарын даярлау жағдайымен танысты.

Оқу мақсатында сатып алынған жаңа жабдықтар таныстырылды: базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясына арналған манекен-тренажер, оқу дефибрилляторларымен, адам денесі, кеуде қуысы құрылымдарының моделдері. Колледж оқытушылары манекендердің, симуляторлардың мүмкіндіктерін көрсетіп, олардың функционалдығы мен білім беру процесінде қолданылуы туралы, сондай-ақ білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи жабдықтардың маңызы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, колледж арнайы пәндер кабинеттеріне арналған интерактивті сенсорлық touch панельдерін, акт залына арналған жарықдиодты LED панелін сатып алды.

Жоғары технологиялық жабдықты енгізу оқытуды нақты клиникалық процестің жағдайына жақындатуға, студенттердің практикаға бағытталған дайындығының сапасын және олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы медицина колледжінің материалдық-техникалық базасын жаңартудың маңыздылығын атап өтіп, практикалық оқытуды одан әрі дамытуға қолдау білдірді.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!