Облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылды, оның ашылу рәсіміне "Қазақстан халқына" қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Орталықта бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізіліп, ал материалдық-техникалық жабдықтау «Қазақстан халқына» қорының тарапынан қаржыландырылды.
Орталық нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетеді. Мұнда тиімді оңалту үшін әлемдік брендтердің заманауи қондырғылары орнатылған. Балалармен реабилитолог, невролог, логопед, дефектолог, эрготерапевт және психолог жұмыс істейді.