Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде «Баланың қауіпсіздігі, қоғамның басымдығы» тақырыбына арналған ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара бірінші курс студенттерінің ата-аналары үшін ұйымдастырылып, оқу бағдарламасы мен балалардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылауға бағытталған. Жиналыс шеңберінде колледж директоры және оның орынбасарлары қатысып отырған ата-аналарға колледжіміздің ағымдағы оқу жоспарлары мен ұйымдастырушылық сәттері туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ туындаған барлық сұрақтарға жауап берді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ата-аналар алдында колледж психологы сөз сөйлеп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, ата-аналар өз топтарының кураторларымен жеке танысуға және балаларын оқытудың нақты аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды.
Жаңалықтар
«Баланың қауіпсіздігі, қоғамның басымдығы» ата-аналар жиналысы
Қаралды: 72