2019 жылдың 03 сәуірінде Жамбыл жоғары медициналық колледжі базасында " Үздік фармацевт – 2019 жыл», оған "Фармация" мамандығы бойынша 16 медициналық колледждің бітіруші топ студенттері қатысты. Байқаудың мақсаты - түлектердің кәсіби даярлық сапасын бағалау, фармацевт мамандығының беделін арттыру.
Колледж атынан Фарм16-11 тобының 3 курс студенті Житина Эллона қатысты. Ол теориялық білімін, практикалық дағдылар мен іскерлікті өте жоғары деңгейде көрсетті. Житина Эллона «Дәрілік өсімдіктердің білгірі» номинациясының иегері атанды
Жетекші – Жағыпарова Айтжамал Хамбетқызы, фармацевтикалық пәндер оқытушысы, Пушкалова Оксана Ильинична, фармацевтикалық пәндер оқытушысы алғыс хаттармен марапатталды.