19.04.2023 жылы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде 2023 жылғы түлектерді жыл сайын жұмысқа орналастыру жөнінде жиын өтті. Орналастыру қажет, өйткені бұл кепілдендірілген жұмыс орындары, ол тұрақтылыққа сенім береді.
Колледж түлектері жоғары сұранысқа ие. Орналастыруда «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Лабораториялық диагностика», «Фармация», «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология» мамандықтарының 275 студенті қатысты. Біз барлық түлектерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік береміз.
Жұмысқа орналастыру жөніндегі комиссияның жұмысына қалалық және облыстық денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Болашақ жұмыс орнын таңдауда практикалық денсаулық сақтаумен бірлесіп өткізілген Бос орындар жәрмеңкелері, студенттердің МҰ басшыларымен кездесулері, базалардағы оқу және кәсіптік практикалар ықпал етті. Алдын ала болашақ түлектер бос жұмыс орындарының тізімімен танысуға мүмкіндік алды.
Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында диплом алдындағы практикадан өту кезінде бітіруші топтардың студенттері болжамды жұмысқа орналасу орнының жұмыс жағдайларымен және медициналық ұйымдардың ұжымдарымен таныса алады.