Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, «Быть патриотом - это носить Казахстан в своем сердце» деді. Біздің мемлекеттік туымыз көтерілгенде, әрбір азаматтың бойында ерекше сезім, бүкіл әлем білетін өз елі үшін мақтаныш сезімі, болып жатқан өзгерістерге қатыстылық сезімі туады.
2019 жылдың 13 қазанында Алматы қаласындағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінің аумағында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің қатысуымен мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі басталды. Тудың биіктігі 40 метр, тутұғырдың көлемі – 7х14м.
Осы акцияны қолдау мақсатында 2019 жылдың 25 қазанында "DOSTYQ MALL" сауда-ойын-сауық орталығында колледж қызметкерлері белсене қатысып, Мемлекеттік ту орнатудың салтанатты рәсімі өткізілді.