Кәсіби бағдар – білім беру мекемесі қызметінің маңызды элементі. Талапкерлер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын толыққанды ұйымдастыру және оларды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін колледждің барлық ұжымы бірігіп жұмыс істейді. 20 маусымнан бастап қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастайды, оның қызметіне құжаттарды қабылдау, мамандықтар бойынша оқуға өтініш берген адамдарды студенттер құрамына қабылдау кіреді.
Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Наталья Юрьевна Быченко. Көп жылдық тәжірибесі бар колледж оқытушысы, ол колледжге талапкерлерді қабылдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
Қабылдау комиссиясының телефон нөмірі: 8771-174-44-60