2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің оқытушылары мен М22-01 и М22-02 тобының студенттері жалпыұлттық «Еркін ел ұрпағы» патриоттық диктантын жазуға қатысты.
Шараның мақсаты - eліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Акцияға барлығы 49 студент, 15 оқытушы қатысты.