Мейірбике ісі пәнінің оқытушысы Полонская Светлана Анатольевна 2019 жылдың 18 мамырында Атырау қаласындағы Атырау жоғары медицина колледжі базасында өткен «Мейірбикелік білім беру жүйесіндегі қолданбалы бакалаврдың мүмкіншіліктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Конференцияға ҚР ДМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бастығы Байғожина З.А., Атырау облысының ДБ басшысы Аймұрзиева М.К., қолданбалы ғылымдар университетінің сарапшылары JAMK және Lahti (Лахти) (Финляндия) Ханнеел Титтанен және Марио Паловара, «Қазақстан медицина колледждерінің одағы» ЗТБ төрағасы, РЖМК директоры Рузденова Н.Б., Қазақстан Республикасының патронаждық қызмет әмбебап прогрессивті моделінің ұлттық жаттықтырушылары, директорлар мен директорлардың орынбасарлары, республиканың медицина колледждерінің арнайы пәндер оқытушысы, Атырау облысы медицина ұйымдарының бас дәрігерлері, бас мейірбикелері, сондай-ақ менторлар мен Атырау медицина колледжінің оқытушылары қатысты. Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры бойынша ғылыми-практикалық конференцияда Жоғары медициналық колледж дәрежесін алуына және қолданбалы бакалавр бағдарламасы бойынша оқуға байланысты сұрақтар, Қазақстанда халықаралық мейірбикелер қауымдастығын құру, олардың дәрежесін және мейірбикелер оқуының өзге де әдіснамалық негіздерін арттыратын нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау мәселелері қаралды.