<iframe width="503" height="895" src="https://www.youtube.com/embed/BoLZ9zJwAts" title="Практикалық денсаулық сақтау саласының жылдық қорытындысы" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>
2025 жылғы 26 желтоқсанда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК базасында өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде жыл қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Амрин С.О. медицина қауымына құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, медицина қызметкерлерінің халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.
Іс-шара аясында марапаттар табысталды. Тоғыз медицина қызметкері «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды. Жеті маман азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі жеке үлесі мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттарына ие болды. Үшеуі облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының басшысы Давлетчина А.Х. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің көшбасшысы» облыстық конкурстың қорытындысын шығарып, үздік медицина ұйымдарын атап өтті.
Іс-шара жылы әрі іскерлік атмосферада өтіп, және облыстың денсаулық сақтау жүйесі үшін жылдың қисынды аяқталуы болды.








