Су тасқыны салдарынан көптеген адамдар үйлері мен тұрғылықты жерлерін тастап кетуге мәжбүр болады, олардың денсаулығына қауіп төнеді. Мұндай жағдайларда эвакуациядан кейін зардап шеккендердің денсаулығын тексеріп, көмек көрсету өте маңызды.
«Мейірімділік» волонтерлар клубының мүшелері - М20-02 тобының бітіруші студенттері оқытушы Д.Ж.Темирбековамен ЛОРД мектеп-лицейінде орналасқан эвакуациялық пунктке барды. Студенттер қан қысымын, дене температурасын өлшеп, пульсті санады.
Біз болашақ медицина қызметкерлерімен медициналық бақылау жүргізе отырып, сонымен өз қарапайым адамгершілік қасиетімізді
көрсеткіміз келді.
Жаңалықтар
Эвакуациялық пунктке бару
Қаралды: 517