2019 жылдың 21-22 мамырында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар депаратментімен ұйымдастырылған, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жоғары медицина колледжі» ШЖҚ МКК базасында «Мейірбикелерді даярлауда медициналық білім беру ұйымдарының озат тәжірибесі» тақырыбына семинар өтті. «Оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру» атты ауызша презентацияны әдістемелік кабинет меңгерушісі Бадагазина Надежда Николаевна ұсынды.
Семинардың мақсаты: озат тәжірибемен алмасу және қатысушылар мен мүдделі тараптардың бірлескен жұмыс жолдарын іздеу арқылы мейірбикелік білім берудің түрлі деңгейлерінде мейірбикелік іс реформасына жағдай жасау.
Семинардың сарапшылары:
- Топ басшысы, Йоханна Хейккиля ханым, аға кеңесші, PhD, RN, JAMK. Қолданбалы ғылымдар университеті.
- Мейірбикелерді оқыту жүйесін жаңғырту жөніндегі сарапшы, Ханнеле Тииттанен ханым, LicNSc, МSс (Білім беру), RN, аға кеңесші, Қолданбалы ғылымдар Лахти Университеті. Конкурстың қорытындысы бойынша «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» ШЖҚ КМК-сы «Мейірбикелер даярлауда медициналық білім беру ұйымдарының озат тәжірибесі» Республикалық конкурстың «Оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру» саласында жартылай финалдық дипломына ие болды.