Бұл өз шығармашылығын көрсетуге, жинақталған тәжірибелерімен бөлісуге, талантын ашуға, сабақты өзінің педагогикалық тұрғысынан көрсетуге және әріптестерінің объективті, сауатты пікірін алуға мүмкіндік береді.
2023-2024 оқу жылының ақпан-наурыз айларына колледж оқытушылар тарапынан 6 ашық сабақ жоспарланды.
21.02.2024 ж. Пб-21 тобында "Функционалдық мүмкіндіктерді жақсарту" пәні бойынша ашық сабақ өткізілді (мейіргер ісі пәнінің оқытушысы - Кулиш И. Ю).
Сабақ соңында студенттер жұмысы нәтижелі болды. Студенттер репродуктивті деңгейден практикалыққа дейін түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады.
Оқу материалының мазмұны және сабақта қолданылатын жұмыс түрлері студенттердің танымдық белсенділігін қолдауға бағытталған және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етті.
Сабақ жоғары қарқында өтті, сабақтың психологиялық атмосферасы ынтымақтастық сипатында болды.