Мейірбике ісі басқа медициналық бағыттар сияқты жан-жақты және көп қырлы, бірақ бастысы адамгершілікке ие мамандық.
Адамдарға көмектесу, қайғы-қасіретті жеңілдету және үміт беру үшін нағыз кәсіпқой болу қажет.
Бұл мамандықтың негізі - адамгершілік, оның ең жоғары мақтауы - өз жұмысының нәтижесін, ризашылық білдіретін науқастың күлкісін көру мүмкіндігі.
Мейірбике мамандығы жастардан жанашырлық сезімге толы мейірімді жүректі, берік мінезді және білімге деген құштарлықты талап етеді.
"Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізде талапкерлерді қабылдауда. Оқуға негізгі білімі бар - оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай және жалпы орта білімі бар - оқу мерзімі-2 жыл 10 ай талапкерлер қабылданады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлек техникалық және кәсіптік білім туралы Мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Жаңалықтар
Менің кәсібім - менің шеберлігім! Менің таңдауым – мейірбике ісі!
Қаралды: 141