2023 жылғы 22 мамырда Петропавл қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ бастығы полиция майорыО.О. Әбдікәрімов Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттерімен «Алаяқтық. Жыныстық қол сұғылмаушылық. Ұсақ бұзақылық» тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында студенттерге қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің баптары түсіндірілді.
Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмағандарды заңсыз жұмысқа тарту, атап айтқанда, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендерден ақша өндіру фактілері бар. Ақшаның бір бөлігі жасөспірімге төленеді, ал ақшаның басым бөлігін жасөспірімдер алаяқтардың есепшотына аударады. Балаларды заңсыз әрекеттерден қорғау қажет!