ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының ¥лттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының колдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те - жүлдені үтып ал!» акциясын өткізеді.
Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл косымшаны Apple Арр store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.
Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жүмыстың немесе қызметтің түтынганын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде коры 3 000 000 теңгені қүрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік үтыс ойынына қатысады.
Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бүл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауы мүмкін. Акция кезінде үтыска онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады.
Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде - автомобиль үтыска салынады. ¥тыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені үтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.
Чекті талап етіп, 5 000 теңгеге дейін теңгеріміге және автокөлік үтуға мүмкіндік ал!
Аныктама телефоны: 8 (7152) 50-00-64,46-45-65!