2024 жылдың 12 сәуірінде Республикалық жоғары медициналық колледж базасында «Заманауи және білім беру технологияларын пайдалана отырып, акушерлік және гинекологияның іргелі және қолданбалы аспектілері» тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы онлайн режимінде өтті. Конференция студенттердің ғылыми, зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді. Колледжімізден А21-11к тобының студенті Саттар Аружан «Кәуіпсіздікті таңдау: отбасының жоспарлау, жасөспірімдердің жүктілігінің алдында алу және контрацепция» атты жобамен қатысты (ғылыми жетекшісі Әбілкина Ш.Қ). Осы жоба жастардың репродуктивті денсаулығына саналы және қамқор көзқарасты қалыптастыруға бағытталған, бұл оларға осы салада саналы және жауапты шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Жаңалықтар
«Заманауи және білім беру технологияларын пайдалана отырып, акушерлік және гинекологияның іргелі және қолданбалы аспектілері» тақырыбында халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы
Қаралды: 673