2022 жылдың 29 сәуірінде «Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК-да «XXI ғасыр жастарының ғылыми әлеуеті» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: оқу-зерттеу қызметін насихаттау және болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін бағалау. Іс-шара ZOOM электрондық платформасы арқылы ашық онлайн-алаңда өтті. Конференцияға бауырлас медицина колледжінің, Орынбор медицина колледжінің, Могилев мемлекеттік медицина колледжінің студенттері, Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің студенттері және Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру студенттері қатысты. Конференция үш бағытта өтті. Барлық қатысушылар презентациялармен толықтырылған қызықты баяндамалар, шығармашылық жұмыстар ұсынды. Конференция қатысушылары өз сөздерінде ғылыми зерттеулер тәжірибесімен бөлісіп, медицинадағы инновациялар туралы әңгімеледі. Студенттер баяндамаларын құрамына «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ өкілдері кірген құзыретті қазылар алқасы бағалады. Конференция қорытындысы бойынша жинақ шығарылып, қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар берілді. Конференцияның барлық қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, әрқашан алға жылжып, жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!