"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

«Менің арманым – мүмкіншілігінше қазақ халқының дәулеттілігін, мәдениетін жоғары деңгейге көтеру. Ол ізгі іс енді ғана басын алып тұрғандықтан мен басымды тек қана менің тілегімді қанағаттандыратын билікке иемін».

КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский высший медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”«Менің арманым – мүмкіншілігінше қазақ халқының дәулеттілігін, мәдениетін жоғары деңгейге көтеру.

Ол ізгі іс енді ғана басын алып тұрғандықтан мен басымды тек қана менің тілегімді қанағаттандыратын билікке иемін».А.Байтұрсынұлының тергеушілерге берген жауабынан. 1937 ж.

 

Қазақ тіл білімінің негізін салушы, қазақ әліпбиінің реформаторы, халқын "Маса" боп шағып, оятып, оқу-білімге шақырған қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде Қазақ елінде  Қазақстан халқы тілдері күні тойланады. Осы атаулы күнге орай біздің медицина колледжінің студенттері де тыс қалмай дөңгелек үстел, сынып сағаттарында А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына ден қойып, видео тамашалап, баяндама, өлең оқып, ой-өрістерін қызықты деректермен толықтырды.

            «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған ғұламаны тіл, ұлт жанашыры ретінде танып, оның өмірі Тілмен тығыз байланысына көз жеткізді.

Осы айтулы күнге орай ғалым ұстаз туралы 15 дерек ұсынамыз.       

  1. Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған – атасы Шошақ. 
  1. Ол  А. Пушкин, М. Лермонтов, Ф. Вольтер, С. Надсон өлеңдерін қазақшаға аударды.
  1. Орынбор, Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
  1. Ғалымның алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы, ал екінші кітабы «Маса» 1911 жарық көрді.
  1. Оның «Әдебиет танытқыш»деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек болды. Бұл еңбегінде өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас т.б. ұғымдарға анықтама берді.

           

  1. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ Әліпбиін қайта құрастырған. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын арап әріптерін қолданудан шығарып, қазақ тіліне жаңадан тән, ерекше әріптерді қосқан. «Жаңа емле» атты жаңа әліппені қазірде Қытай, Ауғанистан, Ресей, Ирандағы қазақтар пайдаланады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады.

    7. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердіңбірі. Байтұрсынұлы қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 жылы, синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді.
  1.  Сондай-ақ Байтұрсынұлы мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемеліккітаптар жазды.
  1. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды
  2. А.Байтұрсынұлының есімімен аталатын Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті бар.
  1. Байтұрсынұлының хоббиі – қолына фотокамера ұстап, өз дәуірінің сан алуан қайталанбас тылсым сәтін қаз-қалпында суретке тарту болған екен. 
  1. 1910 жылы сенімді серіктері Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарған. 
  1. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болды.
  1. Ғалым ұстаз Алматыда 3 жерде тұрған: қазір аэровокзал тұрған Қаскелең көшесі (қазіргі Чайковский көшесі), Красин көшесі (қазір Уәлиханов көшесі) және Космонавт көшесіндегі 60 үй. 

15. 1929 жылдың маусымында, Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалып, Архангельск облысына жер аударылды. 1937 жылдың қазан айында қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген айыппен атылады. 

КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский высший медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”КГП на ПХВ “Северо-Казахстанский высший медицинский колледж” КГУ “УЗ акимата СКО”

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!