«Солтүстік Қазақстан облысындағы мейіргерлік қызмет мәселелері туралы» және "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы" ғылыми-практикалық конференциясының хаттамалық тапсырмасы шеңберінде "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің" ШЖҚ КМК қабылдау комиссиясы денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму моделін енгізу және кеңейтілген тәжірибедегі орта медициналық қызметкерлердің рөлін күшейту қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
КОА "Онкологиялық орталық", "№ 1 қалалық емхана" ШЖҚ КМК, "№ 2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК, КОА "Перинаталдық орталық", "Көпсалалы облыстық аурухана" ШЖҚ КМК-да орта және кіші медициналық қызметкерлермен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында диалог түрінде "Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім беру және "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі" мамандықтары бойынша кешкі оқыту мәселелері талқыланды.
Жаңалықтар
Мейіргер кәсібінің даму болашағы туралы түсіндіру жұмысы
Қаралды: 127