Колледж кітапханасында студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты көрнекі материалдар көрмесі өтті.
Көрмеде плакаттар, инфографика, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы кітаптар топтамасы ұсынылды. Бұл кітаптар сыбайлас жемқорлықтың табиғатын, оның қоғамға әсерін ашады және осы құбылыспен күресу жолдарын ұсынады. Қатысушылар адал және ашық көзқарасын қалыптастыруға түрткі болатын әдебиеттермен таныса алды.
Комплаенс маманы студенттермен тек оқуда ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметте де адалдық пен әділеттіліктің қаншалықты маңызды екенін талқылады.
Мұндай іс-шаралар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын, академиялық адалдық қағидаттарын және қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастырады. Біз бірге сенім мен адалдыққа негізделген болашақты құрамыз.
Жаңалықтар
Медицина колледжінің кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» көрмесі өтті
Қаралды: 50