Орынбор медициналық колледжі Халықаралық ынтымақтастық аясында 2022-2023 оқу жылында 8 желтоқсан айында "Медицинаның этикалық мәселелері "атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-этикалық нормалар, медицинадағы мораль мен адамгершілік мәселелерімен байланысты медицинадағы өзекті мәселелерді талқылау үшін ашық кәсіби алаң құру. Дөңгелек үстел бірнеше бағыттарға бөлінді.
Біздің колледжден мейірбике ісінің оқытушысы Г. К. Жаудинова "Мейірбике ісін жүргізу аспектілері" атты баяндама және "Акушерлік іс" 2 курс студенті Мұхамеджанова "Түсік үшін немесе оған қарсы ?" атты баяндамасымен (жетекшісі Е. А. Веревкина) қатысты