2019 жылдың 29 наурызында РФ ДМ «ОмММУ» ЖБ ФМББМ «Медицина колледжі» базасында «Инновациялық технологиялар аумағы» IV Аймақаралық ғылыми-инновациялық жобалар конкурсы өтті (Халықаралық қатысумен) (Омбы қаласы).
Конкурстың негізгі мақсаты жастардың ғылыми-инновациялық әлеуетін іске асыру және шығармашылық белсенділігін арттыру, сондай-ақ дарынды жастарды осы заманның өзекті мәселелерін шешуде қатыстыру, білім алушылардың жобалық жұмыс тәжірибесімен алмасу болып табылады.
Солтүстік Қазақстан медицина колледжі атынан «Емдеу ісі» мамандығы Ф16-13 тобының студенті Регер Виктория «Жасөспірімдерде артериалды гипертензияны алдын алу» жобасымен таныстырды. Жетекшілер: Амангельдина А.Қ., арнайы пәндер оқытушысы, Быковская Т.В., арнайы пәндер оқытушысы, Чеснокова И.И., арнайы пәндер оқытушысы.
Сараптама комиссиясының шешімі бойынша студент Регер В. қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Амангельдина Аида Қайратықызына сарапатама комиссиясының құрамындағы белсенді жұмыс және серіктестігі үшін алғыс хатпен марапатталды.