2021 жылғы 12 ақпан мен 17 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі ОмММУ ФМБОУ колледжі базасында «Оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары» халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік конкурсқа сырттай форматта қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты: оқытушылардың шығармашылық қызметінің нәтижелерін анықтау және тарату, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату үшін жағдай жасау.
Конкурс қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен Терре Елена Геннадьевна және сертификатпен Риттер Екатерина Сергеевна марапатталды.
Ресейлік қазылар алқасының кәсіби құзыреттілігін тану
Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау Министрлігінің «Омбы мемлекеттік медицина университеті» Жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің (Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ОмММУ ФМБОУ) шақыруы бойынша Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі орта кәсіптік білім беру мекемелеріне арналған халықаралық қатысумен «В мире науки» мультимедиялық презентациялардың Бүкілресейлік қашықтық конкурсына қатысты.
Конкурс 2021 жылдың 25 ақпаны мен 17 наурызы аралығында қашықтықтан және үш кезеңде өткізілді.
Конкурстың мақсаты – білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуды ынталандыру, олардың зерттеу қызметіндегі жеке әлеуетін іске асыру және кәсіби және жалпы құзыреттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.
«В мире науки» Бүкілресейлік Мультимедиялық презентациялар конкурсының I дәрежелі дипломын қазылар алқасы В.Ю.Горяинова, Г.В.Дячишин, Л.А.Пашаева, П.О.Темірхановтан тұратын «Стоматология» мамандығы студенттерінің командасы ұсынған Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжіне табыс етті.
Жоба жетекшісі – стоматологиялық пәндер оқытушысы Курмашева Светлана Канатовна.
Командамызды жеңіспен құттықтаймыз!