Колледжде «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық: себептері, салдары және алдын алу жолдары» тақырыбында комплаенс маманы мен оқытушылар арасында кездесу өтті. Бүгін біздің колледжде комплаенс маманымен қазіргі қоғамның өзекті тақырыптарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбын талқылауға арналған маңызды кездесу өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі құралы ретінде білім беруге баса назар аударылды.
Комплаенс маман білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың мысалдарымен, сондай-ақ мұндай қылмыстар үшін қолданылатын жазалармен бөлісті.
Мұндай кездесулер оқытушылар арасында төзімсіздік мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Біз бірге сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке үлкен қадам жасай аламыз!
Жаңалықтар
Комплаенс маманмен кездесу
Қаралды: 597