23.09.2021 жылы «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК-сында «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында онлайн режимінде семинар өткізілді.».
Семинарды орта медицина және фармацевт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі Жағпарова А.Х. өткізді. Семинар жұмысына «ОЖЖМО» ШЖҚ КМК директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жужков В.В. қатысты.
«Емдеу ісі» мамандығының БАБ 32 тыңдаушысы Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша: «бір терезе» принципі, «бір өтініш» принципі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-303/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы», сондай-ақ қосымша және бейресми білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» түсініктемелер алды.
Семинар соңында кері байланыс жүргізілді.