«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаларының бірі «Қазақстанның киелі картасы». Екі жыл бойы қазақстандық қауымдастық Республикамыздың картасындағы әр қазақстандық үшін қымбат жерлерді анықтайды.
Қаламызда киелі карта объектілері де бар: әулие апостолдар Петр мен Павлдың соборы, Барлық Әулиелер ғибадатханасы немесе Всехсвятский (мола) шіркеуі, «Дін-Мұхаммед» мешіті, «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені, Иса аса қасиетті жүрегінің ғибадатханасы немесе рим-католик костелы, «Қызыл Жар» Петропавл орталық мешіті, Бекен Жұмабаевтың жерленген жері. «Петропавлдың киелі жерлері» автобустық экскурссия барысында бұл объектілерге колледж студенттері барды. Экскурссиялар 22 және 24 сәуірде өтті. Барлығы 90 адам қатысты, Д 18-11, М 18-12, Ф 17-01, Ф 17-02 тобының студенттері. Ғибадатханада алғаш рет болған балалар үшін экскурссия үлкен қызығушылық тудырды. Оларға ғибадатханалар тарихы туралы әңгіме айтылды, Всесвятский ғибадатханасының ең әйгілі, киелі иконалары көрсетілді. Балалар әулие апостолдар Петр мен Павлдың соборында отец Сергиидің уағызын тыңдады. Олар қаламыздың бас мешітіне кіріп, оның ішкі жабдығын көрді. Қазіргі жаһандану ғасырында экономика мен мәдениет бірігіп, әлемдік діндер жақындасуда. Қазақстанның көпұлтты тұрғындарының рухани бірігуі – бұл болашақ еліміздің ойдағыдай даму кепілі.