Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі, қолданбалы бакалавриат» біліктілігімен диплом тапсыру салтанаты өтті. 21 студент оқуын аяқтап, диплом алды.Бұл олардың кәсіби жолындағы маңызды кезең . Оқу 3,6 жыл мерзімінде 11-сыныпты бітіргеннен кейін жүргізілді. Ал колледжді бітірген түлектер үшін бағдарлама 1,6 жылға қысқартылды. «Мейіргер ісі» бакалавриаттарының түлектері енді халықтың денсаулығын сақтап, жақсартуға бағытталған тиімді медициналық көмек көрсету, профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ медициналық мекемелерде мейіргерлік персоналдың қызметін ұйымдастыру жұмыстарымен айналыса алады
Жаңалықтар
Дипломдарды тапсыру. Қолданбалы бакалавриат
Қаралды: 102