Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
31 мамырда елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі.
1997 жылдан бері бұл күні оққа ұшқан, жазықсыз лагерьлерде абақтыға жабылған адамдар еске алынады. Бұл Кеңес Одағы аумағында өмір сүрген және жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған барлық халықтар мен әлеуметтік топтардың өкілдері. Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері «Тарихи жады қоғамды топтастыру факторы ретінде» атты форумға қатысты. Онда саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихи жадын сақтау мәселелері көтеріліп, оларды шешу жолдары айтылды.