Білім қоғамды қалыптастыру және оны дамыту үшін негіз болып табылады. Алайда, соңғы жылдары жастардың оқытушылық мамандыққа деген қызығушылығының төмендеуі байқалды.
Колледж оқытушылық мансапқа ұмтылатын жас мамандардың санын көбейту үшін белсенді жұмыс істейді. Тек 2023 оқу жылында колледжге 16 жас маман келді.
Колледжде оқытушылық мамандыққа деген қызығушылықты арттыру жетістіктері мол педагогтармен кездесулер, дәрістер, семинарлар мен мастер кластарын қоса алғанда, оқытуды насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жас оқытушылар мектебі белсенді жұмыс істейді, онда тәжірибелі әріптестер жас мамандарға кәсіби ортаға бейімделуге көмектеседі. 22 қаңтарда кезекті отырыс өтті, онда арнайы пәндер оқытушылары, тәлімгерлер Веревкина Е.А., Риттер Е.С., Смайлова Ж.Б. және лингвистикалық пәндер оқытушысы Карабельникова А.И. оқытудың заманауи әдістері және технологияларымен бөлісті. Арнайы пәндер оқытушылары Қарабай Д.Б., Жаудинова Г.К. және биология пәнінің оқытушысы Кусаинова С.С. білім сапасын арттырудағы өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі туралы айтып берді.
Жас және жаңа бастаған оқытушыларды қолдау біліктілікті арттыру курстары арқылы да жүзеге асырылады.
Жас және жаңа бастаған оқытушылар тиімді оқыту үшін заманауи технологиялармен және жабдықтармен қамтамасыз етіліп, олардың қызметі бағаланып, жетістіктері танылып, конкурстар құрылатын ынталандырушы орта құрылады. Бүгінгі таңда конкурстардың нәтижелері бар. Биология бойынша Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлерін Аубакиров А.А. дайындады, оқытушылар Ускова А.М., Садуов И.Н., Воропаев Д.В. «Емдеу ісі» мамандығының студенттері арасында «Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу бойынша үздік жадынама» V өңіраралық сырттай конкурсының жүлдегерлері мен қатысушыларын дайындады. З.К.Шаймерденованың 39 студенті Бүкілресейлік лингвистикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Айсұлу Сайлаубекқызы, А.С. Браунның СӨС насихаттау және ауруларды алдын алу бойынша сырттай буклеттер конкурсында, «Анатомия» пәні бойынша Республикалық олимпиадада (оқытушы Тайжан Ә.), «Гиппократ» республикалық олимпиадасында (оқытушылар Айсұлу Сайлаубекқызы, Кокиева К.Р., Байкенова М.Б., Темирбекова Д.Ж., Изотова А.А., Ускова А.М.) студенттер арасында жетістіктер бар.
Колледжде оқытушылық қызметке тарту және жас оқытушыларды қолдау – бұл білім берудің болашағына инвестиция. Кәсіби және жеке өсу үшін жағдай жасау ғана дарынды жастарды білім беру саласына тартуға мүмкіндік береді және болашақта білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.